Ақтау портында табылған қоқиқаз балапаны Алматы зообағына барар жолда өліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram-парақшасында айтты.
"Ақтау портында мен тауып алған балапан жолда өліп қалды. Оны тауып алған кезде өте әлсіз болатын, екі күн тамақ ішпей, суық ангарда болды. Өкінішті, мүмкін ветеринарлар келгенше оны жақсылап тамақтандыру керек пе еді. Неге екені белгісіз, кінәлау сезімінен арыла алмай тұрмын. Оны рейске жақсырақ дайындай алар ма едім", - деп жазды ол.
Азамат екінші балапан зообақта екенін айтты. Ол бұған дейін оны бір аптаға жуық қолда баққанын айтты.
Еске салайық, бұған дейін ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың қоқиқаз балапанын ажалдан аман алып қалғаны белгілі болған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!