Петропавлдық блогер көлігіне көбік жағып, тек жарығы мен әйнегінің бір бөлігін таза күйде қалдырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Astana TV-ға сілтеме жасап.
Көлікті патрульдік полиция тоқтатқан. Енді "ерекше" жүргізуші заң алдында жауап беруі керек.
"Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының 21 жастағы тұрғынын ұстады. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 602-бабының 1-бөлігі, 590-бабының 2-бөлігі және 10-бөлігі, 620-бабы бойынша материалдар жиналды. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі "ұсақ бұзақылық" бойынша хаттама толтырылды. Ол процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Осы баптың санкциясы бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл не бес тәуліктен он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза көзделеді", - деді СҚО Полиция департаменті өкілі.
Көлік жүргізушісінің айтуынша, бұл жұмысқа 700 литр көбік жұмсалған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!