Дубайлық блогер Хакум Әл-Фаджир Қазақстанның көрікті жерлерін аралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Травел-блогер Instagram және TikTok-тағы парақшаларында Алматы облысының көрікті жерлерінде түсірілген видеоларын бөлісті.
"Алматыдан 4 сағаттық жер, бірақ бұл бекер емес", - дейді блогер.
Блогер Көлсай көлдері, "Ой-Қарағай" демалыс орталығы мен шарын шатқалында болып қайтқан.
Айта кетейік, Хакум Әл-Фаджирдің Instagram-да 195 мың, ал TikTok-та 205 мыңнан аса оқырманы бар.
Блогердің оқырмандары да Қазақстанның сұлулығына тамсанған.
"Керемет, бұл қай жер?", "Қандай керемет жерлер", "Мені өзіңмен ала кетші", "Көзің тоймайды, Қазақстанға қош келдің", - дейді блогердің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!