Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде болған блогер Қ.-ны ұстаған.
ІІМ баспасөз қызметі
"Ол әлеуметтік желілерде онлайн казинолардың жарнамаларын жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқан. Ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған", - деп жазылған хабарламада.
Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, бұған дейін блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интернет порталында пайда болды.
Кейінірек блогер Қайсар Қамзаға неге іздеу жарияланғаны белгілі болды. Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова