Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр - СІМ

Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр - СІМ
Фото: instagram.com/qais_arr/

Танымал блогер Қайсар Қамза Вьетнамда қамауда отыр. Оны елге қайтару мәселесімен Бас прокуратура айналысып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Ол Вьетнам аумағында қамауда отыр. Қазір оны экстрадициялау мәселесін қарауға байланысты іс-шара жалғасып жатыр. Экстрадиция мәселесі Бас прокуратураның құзыретінде және осы органдар тарапынан тиісті мәлімдеме болады", - деді Сыртқы істер министрлігі өкілі Ерлан Жетібаев.

Бұған дейін блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, бостандықта жүргенін, тек құжатын алып алғанын айтқан еді. Алайда Сыртқы істер министрлігі оның қамауда екенін нақтылаған. 

Еске салайық, бұған дейін блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары арқылы Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл нәтижесінде Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстаған еді.

ІІМ баспасөз қызметі

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде күдікті 100 млн теңгеден аса заңсыз табыс тапқаны, ақша оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылғаны айтылды.

Блогер заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілініп отыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget