Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады

Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады
Фото: Видео кадры

Блогер, кәсіпкер Дархан Жолшыбеков Алматыда көпбалалы отбасыға үй сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті

4 баланың анасы отбасының жалғыз асыраушысы. Алматы қаласында бала-шағасымен жалдамалы пәтерде тұрады. Өзі қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Дархан Жолшыбеков отбасы туралы естіп, жалғызбасты ананың әңгімесін тыңдады.

"Сізге көмек керек деген хабар түсті. Сондықтан біз қазір сізге үй сатып алып келдік, әпке. Мынау сіздің үйіңіздің кілті. Қазір барып рәсімдейміз. Барлық балаңыз сиятын үйіңіз бар, әпке. Ешнәрсе уайымдамаңыз!", - деді ол. 

Бұған дейін ол көшеде кездескен саудагерлер мен жеткізуші қызметінде жүрген жандарға қаражат беріп, қуантқан болатын. 

"Мен тек себепкер! Әр адам, отбасы, бала бақытты болсын", - деп жазды ол желідегі жазбасында. 

Оқырмандар Дарханның жақсылығына тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырды.

"Жарайсың!", "Дәулетің арта берсін, бауырым!", "Нағыз ер-азамат!", "Алла разы болсын", - деп, ақ жарма ниеттерін білдірді. 

Айта кетейік, Дархан Жолшыбеков - танымал қазақстандық блогер және кәсіпкер. Дарханның әйелі Дариға Нұркеева (инстаграмда Daricorn лақап атымен танымал) да медиа саласында белсенді жан. 

Еске салайық, бұған дейін ол жұбайына 150 миллион теңгеге көлік сыйлағанын жазған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Литпин