Танымал блогер байқауда жеңіп алған ақшасына анасының несиесін жапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Өмір көркем" бағдарламасында бөлісті. Бағдарлама мәліметінше, елімізде 556 мыңнан аса блогер бар екен. Оның 483 мың блогердің 10 мыңға дейін, 63 мың блогердің 50 мыңға дейін, 10 мың блогердің 500 мыңға дейін, 400 блогердің 1 миллионға дейін, ал 230 блогердің 1 миллионнан аса оқырманы бар.
Аружан Әріпжанқызы аансының 1 миллион 600 мың теңгелік несиесін жауып берген.
"Қыз баласы отбасына жанашыр болады ғой. Анамның несиесі 1 миллион 600 мың теңге болған. Әлеуметтік желідегі білім беру орталығының ұйымдастырған байқауына қатысып, жеңімпаз болдым. Негізінен әзіл жанрында видеолар жүктеп жүрдім", - дейді блогер.
Блогердің TikTok пен Instagram-дағы парақшаларында 250 мыңға жуық оқырманы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!