Танымал блогер Айым Сейтметова ақша үшін тұрмысқа шықты деген оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнерлі отбасының қызы тұрмысқа шыққан соң қиындықтар болғанын жасырмады.
"Иә. Сондықтан үйленгеннен кейін қарапайым жалдамалы пәтерде тұрдық. Сол кезде детейлинг енді салынып жатты, Талғаттың бар ақшасы жөндеуге кететін. Азық-түлік пен пәтерге кейде мен төлейтін едім, бірақ үнемі бұлай болмайтынын білдім және қатты сендім. Менің табысым қазіргіден бірнеше есе кішкентай болса да тұрақты болды", - дейді блогер.
Айта кетейік, блогердің бір қызы бар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!