- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Блогер адамды атып...
Блогер адамды атып жібергенін видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген
Қырғызстандық блогер адамды атып жібергенін видеоға түсіріп, желіге жариялап жіберген. Блогер полиция бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
"Instagram-да 300 мың оқырманы бар блогердің бірі адамды атып жібергенін видеоға түсіріп, жүктеп жіберген. Бұл дерек тіркелді. Тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Тәртіп сақшылары парақша иесін тауып, полицияға жеткізді", - делінген хабарламада.
Жергілікті полиция мәліметінше, блогердің жасы 20-да. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша блогердің іс-әрекеттеріне заңды баға беріледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина