Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі, актриса, тележүргізуші Жұлдыз Абдукаримова жұмысқа алынбай қалған кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Хабар" телеарнасының "Оян" бағдарламасында айтты.
"Колледжді аяқтағаннан кейін орта білім дипломымен мамандығым бойынша жұмысқа орналасуға театрға бардым. Мені менсінген жоқ. "Сенің мына білімің - білім емес" деп қайтарып шығарып жіберді ғой. "Сен алып шыға алмайсың, сен жұмыс істей алмайсың" деген кезде намысыма кәдімгідей тиіп кетті", - дейді актриса.
Айта кетейік, Жұлдыз Абдукаримова 2021 жылдан бері Түркістандағы музыкалық-драма театрының актрисасы. Бұған дейін театрда бірнеше қойылымда ойнаған. Сондай-ақ "Арман" Когда ангелы спят" фильмінде басты рольде ойнаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!