Бастағы безеулер гормоналды бұзылысқа байланысты пайда болуы мүмкін. Бұл туралы трихолог, косметолог Анастасия Курская айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Бастағы безеу май құрамының өзгеруіне байланысты пайда болады, яғни ол қалыңдаған кезде беткі қабатқа еркін шыға алмай, тері астына жиналады. Маманның айтуынша, бұған гормоналды бұзылыс, жыныстық жетілу кезеңі, кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау да себеп болуы мүмкін.
Сонымен қатар, маман асқазан-ішек жолдары ауруларына немесе қате диетаға байланысты да безеу пайда болуы мүмкін екенін айтты. Ал тағы бір себебі - инфекция мен күйзеліс.
"Көбінесе ұзақ мерзімді күйзеліс қоздырғыш факторларға айналады. Нәтижесінде шашқа қан жетуі нашарлайды, майдың құрамы да өзгереді", - дейді ол.
Дәрігер бастағы безеу ыңғайсыздық тудыратынын, бас қышуы мүмкін екенін айтады.
"Безеуді өз бетіңізше жоюға тырыспауыңыз керек. Дұрыс емдемеу жағдайды нашарлатуы мүмкін және безеулер басқа жерге таралады", - деп түйіндеді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз