Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алдағы жаңа оқу жылында күтіп тұрған өзгеріс туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейсембаевтың айтуынша, Қазақстанда жаңа оқу жылы дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады.
Оның сөзінше, Білім күніне арналған салтанатты жиындардың өткізілу күні енді мектеп деңгейінде анықталады – соңғы шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды.
"Оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Салтанатты жиынды өткізу күні мен уақытын мектеп педагогикалық кеңесінің шешімі айқындайды. Егер мектеп, педкеңес 1 қыркүйекте салтанатты шараны өткізуді орынды деп тапса, біз ондай мүмкіндік береміз", – деді министр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан