- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ақшы жымқыру
Білім беру саласында миллиардтаған теңге жымқырылған: 40-тан аса шенеунік сот алдында жауап береді
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық ақша қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы мен жауапты қызметкеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден аса) жымқыру дерегі туралы істі сотқа жолдады.
"Білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз жалақы аудару арқылы ақша жымқырылған", - деп жазылған хабарламада.
Бүгінде күдіктілер мемлекетке 333,5 млн теңге көлемінде келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ, олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңге көлеміндегі мүліктеріне тыйым салынды.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ірі көлемде мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін шенеунік сотталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова