Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі білім беру саласындағы қаражат жымқыру деректерін тергеуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік аудиторлардың ақша жымқырғаны расталды.
Мәселен, Жетісу облысында бюджет қаражаты "өлі жандардың" шоттарына ақша аудару және мектеп қызметкерлерінің жалақысын асыра есептеп, кейіннен оларды қолма-қол ақшаға айналдыру мен иемдену арқылы ұрланған.
Тергеу барысында Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге сомасында пара алғаны әшкереленді. Ол Талдықорғандағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін пара алған.
Қазір аудитор сотқа тартылды.
Осыған ұқсас дерек Алматы облысында анықталды, онда облыстық тексеру комиссиясы бөлімінің басшысы Қарасай ауданының білім бөлімінің бухгалтерінен аудиторлық тексерудің оң нәтижелері үшін 1 миллион теңге сомасында пара алған.
Осы дерек бойынша Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Түркістан облысында мемлекеттік ревизор - облыстық Тексеру комиссиясының бас инспекторы парақорлықпен әшкереленді.
Ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудиторлық тексерістің оң қорытындысы үшін 26 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!