Жансая Махабаева есімді блогер танымал продюсер Әсел Сәдуақасованың бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты.
"Әсел Сәдуақасованың мына кешкі образы қанша тұрады деп ойлайсыз?
Көйлегінен бастайық, бағасы шамамен – 321 мың теңге.
Ал мына қолтырауынның терісінен дайындалған сөмкесі Hermès Kelly брендінен, бағасы – 19 миллион 250 мың теңге.
Аяқ киімі – Amina Muaddi брендінен, бағасы – 559 мың теңге.
Ал енді ең қызың тұсы – әшекей-бұйымдарына көшейік.
Мына гауһар тастармен апталған сағаты атақты Breguet брендінен, бағасы – 18 миллион 266 мың теңге.
Білезігі көпке таныс Cartier брендінің Love топтамасы, бірақ толық гауһар тастармен көмкерілген, ақ алтыннан дайындалған, бағасы – 27 миллион 538 мың теңге.
Екінші білезігі сапасы жоғары гауһар тастардан жасалған, ең мәртебелі Graff брендінен, бағасы – 37 миллион 437 мың теңге.
Ал мына өте әдемі сақинасы гауһар тастармен көмкерілген, тағы да осы Graff брендінен, бағасы – 5 миллион 775 мың теңге.
Алқасы – 4 миллион 300 мың теңге.
Екінші сақинасы гауһар таспен екен, бағасы – 21 миллион 389 мың теңге.
Сонымен, барлығы – 134 миллион 806 мың теңге", – деді блогер.
Еске салайық, бұған дейін блогер Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұратынын есептеген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз