Айтыскер ақын, дінтанушы, публицист Мұхамеджан Тазабек көзіне қатысты сауалға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы Instagram-парақшасында бөлісті. Ақынның бұдан бірнеше күн бұрын жариялаған видеосында оның көзі үлкейіп, жанары ашылғанын байқауға болады. Айтыскердің оқырмандары оны блефаропластика (көздің қабағын өзгерту - еск.) жасады деген пікір жазған.
Ақын бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Біраз оқырманым "Қабақ жасаттыңыз ба? Блефаропластика ма" деп сұрап жатыр. Жоқ, көзімнің жарығына (грыжасына) ота жасаттым. Содан көзім тартылып, ашылыңқырап тұр. Қабақ тарту немесе басқа да эстетикалық ота емес. Уақыт өте келе көздің көруіне әсер ететін дүние. Әр нәрсенің алдын алған дұрыс деп ойлаймын", - деді Мұхамеджан Тазабек.
Желі қолданушылары айтыскердің бет-әлпетіндегі өзгеріске қатысты түрлі пікір қалдырған.
"Түріңізге не болған, мүлдем басқа адам..." "Блефаропластика?" "Көзін үлкейткен бе?", "Түріңіз қорқынышты болып тұр, аға. Сізді көріп инстаға кіргім келмей қалды", "Көзіңіз шынымен біртүрлі көрініп қалыпты", "Қабақ жасатқансыз ба?" "Басқа біреу екен деп қалсам", - деп жазған олар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!