Қарағанды облыстық соты әйелдерге ВИЧ инфекциясын жұқтырған ер адамға қатысты Теміртау сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші сатыдағы сот азамат С.-ны әйелдерге АИТВ жұқтырғаны үшін кінәлі деп таныды. Осы жылдың 3 қазанында ол алты жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.
Апелляциялық шағымда сотталушы бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оны өзгертуді, тағайындалған жазаны тым қатал деп жұмсартуды сұраған.
"Азамат С.10 жылдан астам уақыт бойы адамның иммун тапшылығы вирусының ауруы туралы нақты біле тұра, жыныстық серіктестермен қорғаныс құралдарын қолданбай жыныстық қатынасқа түсті, жыныстық серіктестерге өзінің ауруы туралы хабарлаған жоқ. Сотталған адамның кінәсі сот зерттеген дәлелдемелердің жиынтығымен, атап айтқанда оның ішінара мойындау айғақтарымен, жәбірленушілердің айғақтарымен және іс материалдарымен расталды. Сот алқасы Қылмыстық Кодекстің 118-бабы 3-тармағы бойынша сотталушының кінәсінің дәлелденгені және іс-әрекетінің дұрыс саралануы туралы сот қорытындыларымен келісті", - делінген хабарламада.
Сот сотталған адамға жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке басын ескере отырып, ҚК-нің 118-бабы 3-бабының санкциясы шегінде жаза тағайындады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!