Жаз - табиғатқа, тауға серуенге шығатын таптырмас кезең. Бұл мезгілді көпшілік сол үшін де жақсы көреді. Табиғатта пикник те ұйымдастыруға болады. Massaget.kz тілшісі табиғаттағы демалысқа қажет болатын заттар тізімін ұсынды.
Табиғатта қажет болатын жалпы заттар тізімі:
Қандай тағамдар пісіруге болады?
Табиғатқа шыққанда қажет болатын кеңестер
Алдымен баратын межеңіздің нақты орналасқан жерін анықтап алғаныңыз абзал. Соған сай маршрут құра аласыз. Сондай-ақ, табиғатқа шыққанда, жәндіктерге қарсы және күннен қорғайтын кремдерді ұмытпаңыз. Үнемі дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, оларды өзіңізбен бірге алып жүруді де естен шығармаңыз. Табиғатта аллергия өршуі мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан қажет дәрілерді сөмкеңізге салып алыңыз.
Табиғатта демалудың негізгі ережесі - қоқысты тазалап кету. Бірнеше қоқыс дорбасын алып, оны бірден сұрыптау қажет. Яғни шыны, алюминий, пластик және т.б. заттарды іріктеп лақтырған жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!