- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Біле жүріңіз! Табиғаттағы...
Біле жүріңіз! Табиғаттағы демалысқа қажет заттар тізімі
Жаз - табиғатқа, тауға серуенге шығатын таптырмас кезең. Бұл мезгілді көпшілік сол үшін де жақсы көреді. Табиғатта пикник те ұйымдастыруға болады. Massaget.kz тілшісі табиғаттағы демалысқа қажет болатын заттар тізімін ұсынды.
Табиғатта қажет болатын жалпы заттар тізімі:
- Тамақ (ет, шұжық, шампиньон).
- Көкөністер (қызанақ, қияр, бұрыш).
- Тұздықтар (кетчуп, майонез).
- Нан.
- Тұз, ұнтақталған бұрыш және басқа да дәмдеуіштер.
- Сусындар (ауыз су, шырындар).
- Ыдыс-аяқ (шанышқы, қасық, табақ, сусын ішуге арналған ыдыстар, пышақ, тақтай).
- Өрт сөндіруге арналған құрылғы.
- Көрпеше, төсек жапқыш, туристік төсеніштер.
- Майлықтар немесе сүлгілер.
- Үстел ойындары.
- Жәндіктерге қарсы құрал, SPF кремі, алғашқы көмекке арналған жинақ (қажет болса).
- Қоқыс дорбалары немесе сөмкелер.
Қандай тағамдар пісіруге болады?
- Кәуап (сиыр еті, қой еті немесе тауық еті).
- Люля-кебаб.
- Грильдегі тауық қанаттары.
- Шұжықтар.
- Балық.
- Грильдегі көкөністер (бұрыш, қызанақ).
- Отқа піскен картоп.
- Маринадталған саңырауқұлақтар.
Табиғатқа шыққанда қажет болатын кеңестер
Алдымен баратын межеңіздің нақты орналасқан жерін анықтап алғаныңыз абзал. Соған сай маршрут құра аласыз. Сондай-ақ, табиғатқа шыққанда, жәндіктерге қарсы және күннен қорғайтын кремдерді ұмытпаңыз. Үнемі дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, оларды өзіңізбен бірге алып жүруді де естен шығармаңыз. Табиғатта аллергия өршуі мүмкін екенін ескеріңіз, сондықтан қажет дәрілерді сөмкеңізге салып алыңыз.
Табиғатта демалудың негізгі ережесі - қоқысты тазалап кету. Бірнеше қоқыс дорбасын алып, оны бірден сұрыптау қажет. Яғни шыны, алюминий, пластик және т.б. заттарды іріктеп лақтырған жөн.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова