- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Біле жүріңіз! Көктемде...
Біле жүріңіз! Көктемде көліктерден анықталатын 5 ақау
Көктем мезгілі автокөлікті тексеру және жылы маусымға дайындау үшін ең қолайлы уақыт. Қыста пайда болған проблемаларды біртіндеп анықтауға болады. Себебі сіз көліктегі мәселелелерді уақытында жою арқылы ақшаңызды үнемдеп, темір тұлпарыңыздың қызмет ету мерзімін ұзартасыз. Көктем келгенде көлікте пайда болатын проблемалар қандай? Massaget.kz тілшісі біліп көрді.
Автокөліктің бұзылуының себептері мен белгілері өте көп. Қатты климаттық жағдайлар автокөлікке айтарлықтай зиян келтіреді. Сонымен қатар, температураның өзгеруі және ылғалдылық бөлшектерді зақымдайды.
Қозғалтқыштан тықылдаған немесе шанақта сықырлаған дыбыстардың пайда болуы автомобильдің дұрыс жұмыс істемеуінің белгісі. Көлігіңізде бірдеңе дұрыс емес екенін байқасаңыз, дереу көлік жөндеу орталығына хабарласыңыз.
Ауа райы жылынған кезде неге назар аудару керек?
Көліктің қаңқасын (кузов) тексеріңіз. Бұл элемент суық ауа райында жиі зақымданады. Мұз оның ішіне кіріп, қоршау қаптамаларына жиналып, көлік бөлшектерінің тозуын арттырады. Сыртқы бояуының да өңі кете бастайды. Сондықтан қыс мезгілінде көлікті жақсылап жуу керек. Барлық реагенттерден құтылу үшін кәсіби өнімдерді пайдаланыңыз. Корпусты жуғаннан кейін жаңадан пайда болған коррозияны мұқият тазалау, өңдеу және қажет болған жағдайда қайтадан бояу керек.
Автокөлікті жуғаннан кейін тек шанақта ғана емес түтігін де тексеріңіз. Қазіргі заманғы бөлшектер мен компоненттердің сенімділігіне қарамастан, реагенттер олардың қызмет ету мерзімін айтарлықтай қысқартады. Қыста глушительде су қатып, күн жылынғанда ери бастайды. Сол себепті металда коррозия пайда болады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде шу шықса, дыбыс өшіргішін ауыстыру қажет.
Көліктің қыста мұз болып қатып тұрған жүріс бөлігі көктемде сыр бере бастайды. Мұндай жағдайда көлік жүріп келе жатқанда бір жағына қарай тартуы немесе дөңгелектің тұсынан тарсылдаған жыбыстар шығуы мүмкін. Әсіресе амортизаторлар қысқы мезгілде жиі істен шығады. Себебі суықта мұндай клапандар белсенді түрде әрекет етпейді, май айдамайды. Нәтижесінде май сыртына атқылап бөлшек істен шығады.
Көктемде пайда болатын тағы бір проблема - алдыңғы әйнек. Бұлттанып, қыстан кейін тазалағыштардың әсерінен тозып кетеді. Шыныдан құм мен тұз түйірлерінің іздері кездеседі. Салдарынан алдыңғы көрініс айтарлықтай нашарлайды. Бұл жағдайда әйнекті ауыстыру ең дұрыс шешім. Өйткені оны лакпен де, халықтық құралдармен де қалпына келтіру мүмкін емес.
Қозғалтқыш автомобильдің ең маңызды бөлшегі. Қыста температураның өзгеруіне байланысты тозады. Оның күйіне пештің жұмысы, жылытудың жеткіліксіздігі және дұрыс іске қосылмауы әсер етеді. Сол себепті көктемде қозғалтқышты толық техникалық, диагностикалық тексерістен өткізіп алыңыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Зинешов