- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО тұрғынына 15...
БҚО тұрғынына 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа барды деген айып тағылды
Фото:
pixabay.com
Ақсайда ер адамға 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа барды деген айып тағылды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
БҚО полиция департаменті өкілдері бұл деректі растап, ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі "Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас, еркек пен еркектің жыныстық қатынасын, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасын немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша соталды тергеу жүріп жатқанын айтты.
Бұл бап белгілі бір лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
С. Бөлек