БҚО тұрғыны күйеуінің бүйрегіне пышақ сұғып алған. Қылмыстық іс Бәйтерек ауданында қаралды. Сотталушы денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Істің материалдарына сүйенсек, сотталушы күйеуімен жанжалдасып, бүйрек тұсына ас үй пышағымен соққы берген. Ер адамның денсаулығына ауыр зиян тиген.
"Әйел кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ерлі-зайыпты оқиғадан кейін ажыраспай, некесін сақтап қалды. Жәбірленуші соттан әйелін қатаң жазаламауды және бас бостандығынан айырмауды сұрады", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, үш жыл көлемінде бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!