БҚО тұрғыны қап-қап шаянды заңсыз тасыған

БҚО тұрғыны қап-қап шаянды заңсыз тасыған
Фото: Видео кадры

Оралда полиция қызметкерлері заңсыз тасымалданған 36,8 келі шаянды тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстың жолын кесу және құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында түнгі рейд өткізген.

Рейд барысында күдік тудырған ВАЗ көлігі тоқтатылып, тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде көліктің жүк салғышынан жалпы салмағы 36,8 келі болатын 3 қап шаян тәркіленген.

"Бұл дерек бойынша 37 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр", - деді БҚО ПД өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget