Батыс Қазақстан облысының тұрғыны алимент төлемегені үшін сотталды, оның кінәсі толық дәлелденді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атап айтқанда, 2021 жылдан бастап борышкердің 2 787 838 теңге көлеміндегі балаға алимент төлеу бойынша берешегі бар. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған.
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!