- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО тұрғындары монша...
БҚО тұрғындары монша сыпырғыштары үшін миллион теңге айыппұл арқалаған
БҚО тұрғындарына монша сыпырғыштары үшін миллион теңге айыппұл салынды. Олар Қазақстанда еліміздің батысында ғана кездесетін жабайы еменнен жасалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің мәліметіне сәйкес, кәдімгі емен (Quercus robur) - Қазақстандағы тұқымның жалғыз өкілі. Соңғы ғасырларда бұл емен түптері айтарлықтай азайған.
"Соңғы бірнеше жыл ішінде мемлекеттік орман қоры аумағында емен ағаштарын заңсыз кесу әрекеттері жүргізілді. Олардан сатылымға шығатын монша сыпырғыштары дайындалады. Биыл инспекторлар 60 хаттама толтырып, 1,2 миллион теңге айыппұл салды.
Негізінен, емен кесумен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ немесе еш жерде жұмыс істемейтін адамдар айналысады. Мұндай заңбұзушылықтарға оларды емен сыпырғыштарын "сатып алушылар" итермелейді", - деп түсіндірді департамент өкілдері.
Орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау жағдайларында жеке тұлғаларға 100 АЕК - 306 мың теңгеге дейін айыппұл салынады.
G. Dosymshalova