БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады

БҚО полициясы есірткі қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, Lada ВАЗ 2114 автокөлігін тоқтатты.

Автокөліктің салонын тексеру барысында жүргізуші мен жолаушыдан өсімдік тектес заттары бар тоғыз зип-пакет табылып, тәркіленді. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 33 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Оны жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған орама табылып, тәркіленді. 

Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан