- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-дағы су тасқыны:...
БҚО-дағы су тасқыны: саяжайда тұрғындардың бар-жоғы тексеріліп жатыр
Төтенше жағдай министрлігінің өкілі Асқар Шәріп Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қатысты жағдай күрделі екенін, саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғы тексеріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінде азаматтық қорғау қызметі мен волонтерлер Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніндегі судың деңгейі бақылауда, тұрғындарды құлақтандыру және теле-радио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізілуде.
"Өткен тәулікте Орал қаласында Стеновик бау-бақшасында 4 адам құтқарылды, 61 адам эвакуацияланды. Бұған дейін қалған тұрғындар алдын эвакуацияланған еді. 1497 адам уақытша орналатыру пунктерінде, қалған тұрғындар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Саяжайда қалып қойған тұрғындардың бар-жоғын тексеру үшін аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Асқар Шәріп ОКҚ-да өткен брифингте.
22 сәуір 10.00-дегі мәліметке сәйкес, Қазақстан бойынша 23 мың 85 адам өз үйіне ораллған. 8 872 адам, оның ішінде 3 852 бала эвакуациялау пунктерінде орналастырылған.
Сондай-ақ 11,4 млн текше метр еріген қар суы сорылып, тасқынға қарсы 5,3 млн қапшық және 1,4 млн-нан аса инертті материал төселді. Жедел желі телефонына 2132 қоңырау түскен.
"Бүгінде 4 554 тұрғын үй мен 2 767 ауладан судың бағыты бұрылды. Авариялық құтқару және су тасқынына қарсы жұмысқа 33 852 адам, 4973 техника, 875 су сору құралы, 389 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды", - деді ТЖМ өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Есен