- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-дағы жол апатынан...
БҚО-дағы жол апатынан қаза тапқан 6 адам бір үйдің мүшесі болып шықты
17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында болған жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан 6 адам бір үйдің мүшесі болып шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 17 қыркүйекте Самара - Шымкент тасжолында болған еді. Lada Priora мен жүк көлігі соқтығысқан. Салдарынан 34 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел адаммен 11, 10, 5 және 1 жастағы бала қаза тапты.
"Фура Ақтөбеден келе жатқан. 37 жастағы ер адам көлікті айдап келе жатқан. Сау болған. Lada Priora Сырым ауданына қарай келе жатқан. Көлікте ер адам мен әйелі және төрт баласы болған. Жол апаты салдарынан Lada Priora-ның ішінде отырған адамдардың бәрі қаза тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі қарсы жолаққа қарай шығып кеткен", - дейді БҚО ПД басшысының орынбасары Жанболат Жаншин.
Оның сөзінше, Lada Priora жүргізушісі ұйықтап кеткен болуы да мүмкін. Полиция мәліметінше, қаза тапқан отбасының артынан тағы бір баласы қалған. Ол қаладағы мектепте оқитын оқушы бала.
Еске салайық, кеше Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапқан болатын.
17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Бекей кентінің жанында Самара - Шымкент республикалық маңызы бар автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты.
Тағы да оқи отырыңыз: Алтын күзде қандай таныстыру жасауға болады?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина