- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да зейнеткер "түрлі...
БҚО-да зейнеткер "түрлі ауруға ем" көрпені 300 мың теңгеге сатып алған
Фото:
polisia.kz
Алаяқтар егде жастағы әйелдің сеніміне кіріп, түрлі ауруға ем болады деген сылтаумен "ғажайып көрпені" 300 мың теңге ақшаға бағалап, сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Содан әйел өзін алдағандарға 140 мың теңге ақшасы мен алтын әшекейлерін ұстатқан. Алайда бір нәрседен күдіктенген әйел дереу полиция қызметіне хабарласады.
Полицейлер кезекші тәулік ішінде оқиға ізін суытпай Ақтөбе облысының аумағында жүрген алаяқты ұстайды. Жәбірленушіге ақша мен алтын әшекейлер қайтарылды.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан