- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- іздеу туралы
БҚО-да із-түзсіз жоғалған қыз табылды
Батыс Қазақстанда полиция із-түзсіз жоғалған 22 жастағы қызды аман-есен тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 желтоқсанға қараған түні Теректі ауданында 22 жастағы қыз үйден шығып, белгісіз бағытқа бет алған. Ата-анасы алаңдаушылық білдіріп, қызын табу үшін полицияның көмегіне жүгінген.
Іздеу жұмыстарына әкімдік қызметкерлері, азаматтық қорғаныс өкілдері және жергілікті тұрғындар белсенді түрде атсалысты.
Полицейлер далалық жерлерге ерекше назар аударып, түнгі уақытта аумақты мұқият шолып шықты.
7 сағатқа созылған іздеу нәтижесінде таңғы сағат 5 шамасында қыз өз үйінен 15 шақырым қашықта, Ақсай қаласына қарай бет алып бара жатқан жерінен табылды.
"Қыздың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қатты аязға қарамастан, үсік шалу белгілері байқалмаған. Оған полиция қызметкерлері дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, үйіне жеткізді. Қазір қыз анасының жанында, жағдайы жақсы", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ШҚО-да екі қыз із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова