- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге...
БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен
Фото:
ТЖМ
БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, құтқарушы 26 жаста. Оқиға Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болды.
Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағында екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында.
Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдік ішкен күйінде болған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина