- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да ток соғып,...
БҚО-да ток соғып, екі қолынан айырылған 5 жасар балаға пәтер беріледі
Фото:
"Хабар 24"
БҚО-да абайсызда трансформаторды ұстап, екі қолынан айырылған бес жасар баланың отбасына баспана мен протез тегін беріледі, - деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.
Телеарна мәліметінше, протез дайындайтын компания өкілдері Аманжолға қызмет түрін тегін беретіндерін айтқан. Алдымен ол Нұр-Сұлтан немесе Самара қалаларындағы клиникада оңалту курсынан өтуі қажет. Кейін протез көлемі өлшеніп, алты ай мерзім ішінде жасалады.
Сонымен қатар алматылық кәсіпкер бұл отбасыға Оралдан екі бөлмелі пәтер сыйламақ. Енді балақай ауруханадан шыққан соң жаңа баспанаға орналасады. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы ақырындап жақсарып келеді.
Еске салайық, бұған дейін БҚО-да бес жасар баланы ток соғып, салдарынан бала екі қолынан айырылғанын жазған болатынбыз.
Г. Досымшалова