- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да тәрбиешілерден ақша...
БҚО-да тәрбиешілерден ақша талап еткен меңгеруші қызметінен кетті
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылындағы "Балдәурен" балабақшасының меңгерушісі тәрбиешілерден ақша талап еткені үшін қызметінен кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл туралы Казталов ауданы білім бөлімінің басшысы Самал Джангереева айтты. Оның сөзінше, балабақша меңгерушісі 19 қаңтарда өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш берген.
"Өзімен жасалған келісімшартты тоқтату туралы өтініш жазды. 20 қаңтарда Еңбек кодексінің 49-бабының, 5-тармағы бойынша жұмыстан босатылды", - дейді Самал Джангереева.
Балабақша тәрбиешісі полицияға шағым түсіргенін айтады.
"16 қаңтарда таңертең біздің үстімізден шағым түсірген. Сол күні кеште бізді полицияға шақырды. Полиция қызметкері "Журналисті кім шақыртты? Не үшін шақырдыңыздар" деп сұрады. Біз меңгерушіге қатысты мәселенің бар екенін, қолымызда бар барлық деректі көрсету үшін шақырғанымызды айттық. Содан кейін полиция шақыртқан жоқ", - дейді тәрбиеші.
Айта кетейік, бұған дейін балабақша меңгерушісі қызметін асыра пайдаланып, балабақша қызметкерлерінен ақша жинағаны хабарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина