БҚО-да тағы да бір медициналық нысан іске қосылды

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті халық игілігіне пайдалануға берілді. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес  "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында  салынған жаңа нысанның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

"Президенттің бастамасымен "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары аралығында осындай 50 нысан салынып, ел игілігіне берілмек. Ауылдық елді мекендерде тұратын азаматтардың өмір сүру сапасын арттырып, сапалы медициналық көмек көрсету - басты мақсатымыз. Ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтауда, алғашқы көмек көрсетуде фельдшерлік-акушерлік пункт маңызды рөл атқарады. Енді Ащысай ауылының тұрғындары да медициналық көмекті уақытылы және қолайлы жағдайда ала алады", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жаңадан бой көтерген медициналық нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Айта кетейік, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылмақ. Бұл ауылдардағы медициналық қызметтің сапасын арттырып, медициналық мекемелердің инфрақұрылымын жаңарту және сапалы медициналық көмек көрсетуге үлкен қолдау болмақ.

Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!