Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
"Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөліктеріне ұқсас заттарды табу дерегі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Нысан елді мекендерден алыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп жазылған облыс полициясының хабарламасында.
Бұған дейінгі оқиға
Бұл - БҚО аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлаған төртінші жағдай. 18 наурызда Тасқала ауданына үш метрлік құрылғы құлады. Ал 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданының Ұялы кентінде осындай оқиға болды. Полиция соңғы оқиғаны 24 наурызда тіркеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова