БҚО-да судья қамауға алынды

БҚО-да судья қамауға алынды
Фото: zko.sud.kz

БҚО-да 2024 жылы ұсталған Орал сотының төрағасы Руслан Жұмағұловқа қатысты сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыстық іс Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотында қаралды. Айыпталушылар орындығында Руслан Жұмағұловпен бірге тағы бір айыпталушы, яғни адвокат отырды.

Руслан Жұмағұловқа Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Алаяқтыққа оқталу") бойынша айып тағылды. Екінші айыпталушыға қатысты іс ҚК 190-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, 24-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігі бойынша қаралды.

Сот Руслан Жұмағұловты тағылған айып бойынша кінәлі деп танып, оған 2 жыл 7 ай 15 күнге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім жарияланғанға дейін Жұмағұлов үй қамақта болды. Сот оны залда қамауға алу туралы қаулы шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget