- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Су тасқыны
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғын комиссияны сотқа беріп, жеңіске жетті
Су тасқыны салдарынан зардап шеккен К. атты азаматша төтенше жағдайлар комиссия хаттамасын, жөндеуге қаражат бөлуін заңсыз деп тану, пәтерді тұруға жарамсыз деп тану туралы өтініш-хаттармен аудан және облыс әкімдіктеріне жолыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жауаптарымен келіспей, Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік қоюмен жүгінген.
Істі қарау барысында іске қатысушы тараптар, сонымен қатар аудан әкімінің өкілі Теректі ауданында болатын көшпелі сот отырысына шақырылған. Алайда аудан әкімінің өкілі көшпелі сот отырысына келмеген, қатыспау себептерін сотқа хабарламаған.
ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 127-бабының 4-бөлігіне сай соттың талабын, сұрау салуын орындамағаны, әкімшілік іске қатысушы адамның сотқа келмегені, сотқа уақытылы хабарламағаны, кері қайтарып алуды уақытылы бермегені, сот отырысында төрағалық етушінің өкімдеріне бағынбағаны, сотта белгіленген қағидаларды бұзғаны, сондай-ақ сотты және судьяны құрметтемегені туралы анық куәландыратын өзге де әрекеттер үшін сот жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай өндіріп алуды қолдануға құқылы.
БҚО мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен Теректі ауданы әкімінің өкіліне 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 840 теңге мөлшерінде ақшалай өндіріп алу қолданылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина