- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да су басқан...
БҚО-да су басқан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
БҚО-да су басқан ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысында қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде облыста 432 тұрғын үйдің ішіне су кірді.
Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе аудандарында күрделі жағдай қалыптасты.
Сырым ауданында Өленті өзені деңгейінің көтерілуінен Өленті, Жымпиты, Бұлдырты ауылдарындағы тұрғын үйлерді су басты. Сондай-ақ Сырым ауданының бес елді мекенінде электр желісінде орын алған авария салдарынан ұялы байланыс істемей қалды. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сырым ауданындағы Жымпиты, Бұлдырты, Өленті ауылдарында үйін су басқан тұрғындар туған-туыстарының үйіне орналасты. Үш ауылдағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында Алматы қаласынан 50 әскери қызметкер келіп, суды тежеу және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін жұмылдырылды.
Кеше Қаратөбе ауданында Жақсыбай өзені жағадан шығып, Қоржын ауылының тұрғын үйлерін су басып, ауыл тұрғындары осы елдімекендегі мектепке көшірілді. Бүгінде су қоршауында қалған Қоржын ауылынан Ақтөбеден келген екі тікұшақпен адамдар қауіпсіз жерге яғни аудан орталығына көшіріліп жатыр.
Айгерім Ғалым
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz