Батыс Қазақстан облысында бопсалау күдігі бойынша студенттер тобы ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жайлы Polisia.kz жазды.
"Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!