БҚО-да полиция қызметкерлері бопсалау күдігімен қала колледждерінің бірінің екі студентін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілердің төменгі курс студенттерінен күш қолданып, қорқытып, ақша талап еткені анықталды.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.
Қылмыстың барлық мән-жайын анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін де БҚО-да студенттерден құралған топ бопсалау күдігімен ұсталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!