Батыс Қазақстан облысында сотталған адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы сотталған адамның Қылмыстық кодекстің 428-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторларында бейнебақылау жүйесін, сондай-ақ оның құрамдас бөліктерін қасақана жою немесе бүлдіру) кінәлі екенін дәлелдеді.
"Сотталған адам ауыр қылмыс жасағаны үшін Орал қаласындағы №28 (қауіпсіздігі барынша жоғары) мекемесінде жазасын өтеу кезінде теріс мінез-құлық көрсетіп, тәртіп бұзу мақсатында 2 дана үздіксіз бейнебақылау камерасына қасақана зақым келтірген", – деп жазылған өңір прокуратурасы хабарламада.
Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 1 жылға бас бостандығынан айырды.
Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!