8 тамызда Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында оқыс оқиға болды, - деп хабарлайды uralskweek.kz.
Басылым мәліметінше, қыз бала жекеменшік үйдің ауласында ойнап жүрген.
"2015 жылғы қыз шырпымен ойнап отырғанда үстіндегі киіміне от тиген. Өрт салдарынан бала ІІ-ІІІ-дәрежелі термиялық күйік алып, қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды", - деді БҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.
Батыс Қазақстан облысының ТЖД ата-аналарға балаларына мұқият болуды, оларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.