БҚО-да ішінде адамдары бар көлік өзенге түсіп кеткен

БҚО-да ішінде адамдары бар көлік өзенге батып кеткен. ТЖД мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, куәгерлер 2 ақпанда кешке Самал шағын ауданындағы Дерқұл өзеніне адамдар отырған көлік батып кетіп, екі адам қаза тапқан болуы мүмкін екенін айтқан.

БҚО ТЖД өкілдері осы ақпаратқа пікір білдірді.

"Қаза тапқандар жоқ. Көлік өзенге құлап кетті, құтқарушылар оны судан шығаруға көмектесті", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Ертіс өзеніне көлік құлап кеткені хабарланды. Кейінірек оқиғаға қатысты тың деректер шықты. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!