- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да ішімдік ішіп...
БҚО-да ішімдік ішіп көлік айдады деген күдікке ілінген әкім орынбасарына қатысты тексеріс басталды
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында ішімдік ішіп көлік айдады деген күдікке ілінген әкім орынбасары Ғаділбек Әлібековке қатысты тергеуді басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
"Полиция қызметкерлері тексеріс жүргізу үшін оқиға орнына барды. Бүгінде тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижесі туралы алдағы уақытта хабарлаймыз", - делінген полиция хабарламасында.
БҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігі басқармасының басшысы, әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсаров бұл жағдайды тексеру үшін БҚО әкімдігіне хат жолдағанын айтты.
"Егер билік ол адам (әкімнің орынбасары-еск.) мас күйде болғаны расталса, шара қолданамыз. Әзірге ештеңе айта алмаймын. Материалмен таныстым, бірақ аудиожазбаны тыңдамадым", - дейді Мұрат Байсалов.
БҚО әкімі аппаратының басшысы Абат Шыныбеков Казталов ауданы әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібековке қатысты қызметтік тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Еске салайық, өткен аптада БАҚ-та Казталов ауданы әкімінің орынбасары деген адамның аудиосы тараған болатын. Ол аудиода әрең сөйлеп, оны түнде кафеден жеке көлігімен шыққан кезде ұстаған полиция қызметкерлерінен дәретханаға баруға және үйден автокөлікке құжаттарды алуға рұқсат беруін сұраған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина