2024 жылдың 16-31 тамыз аралығында облыстың шекаралық аудандарының қатысуымен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің бастамасымен, шекараның тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықтың шекараны қорғау бойынша сақ болуын қамтамасыз ету мақсатында патриоттық акция өткізілді. Шара облыс әкімдігі мен жергілікті Шекара қызметінің шекаралық аудандардың қатысуымен бірігіп жүзеге асырып отырған азаматтарды мемлекеттік шекараны қорғауға тарту ережелері шеңберінде өтуде. Патриоттық акцияға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, аудан әкімдері, «Атамекен» өңірлік өкілдігі, БАҚ, жергілікті қоғамдастық және басқа да ұйымдар қатысты.
Шара ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық сипатқа ие болып, мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді болдырмау мақсатында, әсіресе шекара бұзушылардың шоғырлану орындарында өткізіледі. Атап айтқанда, жол бойындағы кемпингтер мен қонақүйлер/хостелдер, жол бойындағы АЗС және кафелер, дүкендер/супермаркеттер, жеке тасымалдаушылар, теміржол және автовокзалдар, шекара маңындағы кәсіби және басқа жұмыстармен айналысатын тұлғалар, трансшекаралық мұнай және газ құбырларын қызмет көрсетушілер, шаруа қожалықтарының басшылары және т.б.
16-17 тамыз аралығында акция Байтерек ауданында басталып, жергілікті ақсақалдар кеңесімен, аудан тұрғындарымен, ерікті отрядтармен кездесу ұйымдастырылды. Шекара бұзушылықтарын анықтау жағдайында хабарлау тәртібі түсіндірілді.
Құқық қорғау шекарасының белсенді қорғаушыларына грамоталар мен сыйлықтар табыстау арқылы азаматтарды белсенді түрде шекараны қорғауға ынталандыру мақсатында марапаттау ұйымдастырылды.
Шараның аяқталуымен эстафета Тасқала ауданына жолданды.
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз