БҚО-да заңсыз қару-жарақ пен киік мүйіздері тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысында полицейлер қыстақтағы шаруа қожалығының басшысына тиесілі үйді тінту кезінде бірқатар заңсыз затты тапқан.
"Тәртіп сақшылары үй ішінен қолдан жасалған атыс қаруын, екі аңшы мылтығын, түрлі калибрдегі 104 оқ-дәріні және 30 киік мүйізін тапты. Үй иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!