Батыс Қазақстан облысының Учужный Затон аталатын аумағында орман өртеніп жатыр, — деп хабарлайды 24.kz сайты.
Осыған байланысты оқиға болған аймақтағы жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің салдарынан таралған көк түтін қала тұрғындарына да қолайсыздық әкелді. Қазір оқиға орнында 30 техника және өрт сөндіру жасағының жүз шақты қызметкері тілсіз жауды ауыздықтаумен айналысып жатыр. Мамандардың мәліметінше, әзірге өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртенген аумақтың жалпы көлемі 30 гектардан астам.