Батыс Қазақстан облысында прокурор өлі табылды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде 8 мамырға қараған түні өз үйінің ауласында прокуратура қызметкері өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тараған еді. Қайтыс болған адам Теректі ауданының прокуроры қызметін атқарғаны айтылды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция тергеу жүргізіп жатыр.
"Облыс прокуратурасы осы жағдайға байланысты көңіл айтады", – деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова