Батыс Қазақстан облысында полицияның заңды талабына бағынбаған бір топ адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Ақсай қаласында полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған, агрессивті мінез-құлық танытқан бір топ адамның видеосы тарады.
Бұл оқиға 29 наурызда шамамен сағат 05:00-де болған. Полиция азаматтың өтініші бойынша мас күйдегі ер адамға тиісті шара қабылдамақ болған.
"Тексеріс барысында оның таныстары полиция қызметкерлерінің заңды әрекетіне кедергі келтіріп, талабын елемеген. Мас күйдегі ер адам 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Агрессия танытып, қарсылық көрсеткен өзге адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Барлығы ұсталды", - деді БҚО ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз