БҚО-да жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская Неделя" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қаза тапқандардың бірі - Казталов ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары.
"Көлік жол бойында тұрған, шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан. Көліктің салонында бес адам болған. Оқиға орнында төрт адам қайтыс болды. Бесіншісі ауруханада қайтыс болды", - деп жазылған мәліметте.
Деректерге сүйсенсек, қаза тапқан полицей - полиция майоры Марлен Қарабаев. Оқиға салдарынан оның жұбайы да қайтыс болды. Олардың артында бес баласы қалды. Қаза тапқандар сыныптастар болған. Сонымен қатар, олардың арасында тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың артында жеті бала қалды.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы Чапаево-Жалпақтал-Казталов тасжолында төрт адам жол апатынан қаза тапқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!